
2021 жылғы 25 ақпанда Атырау облысы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында қаралды.
Отырыста қатысушылар жерге орналастыруды жобалау мәселелерін, атап айтқанда, жерге орналастыру жобасын әзірлеу және жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкестігін салыстыру туралы мәселені талқылады.
Талқылау барысында, заңнамада көрсетілгендей "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ, сондай-ақ жеке компаниялар жерге орналастыру жобасын әзірлеу мүмкіндігі көзделгені анықталды.
Отырысқа қатысушылар пікірінше, әсіресе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ тарапынан жеке компания әзірлеген жобаға ескертулер келіп түсетін жағдайларда, мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін.
Осыған байланысты, монополияға қарсы орган Мемлекеттік корпорацияның жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп жатқан жерге, орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі қызметтер нарығына қатысуының орындылығын қарастыратын болады.
Сондай-ақ, кедергілер жөніндегі Кеңес отырысында жер учаскесінің меншік иесі ауысқан кезде проблемалардың туындауын болдырмау мақсатында бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені (БНАЖ) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорымен (МЖК ААЖ) үйлестіру туралы ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, жер учаскесін сатып алу-сату жөніндегі мәмілені жүргізу кезінде нотариус база бойынша тыйым салулардың, учаске бойынша қиындықтардың бар-жоғын ғана тексереді. Ол БНАЖ арқылы учаскенің және оның алаңының болуы, шекаралардың салынуы, жер учаскесі "қызыл сызықта", су қорғау белдеуінде, санитарлық-қорғау аймағында және т.б. орналасқан-орналаспағаны туралы ақпаратты тексермейді, бұл сатып алынатын учаскенің шекарасын басқа жерлерге салу тәуекеліне әкеп соқтырады, нәтижесінде сатып алушы, кәсіпкер болсын немесе қарапайым азамат болсын, зардап шегуі мүмкін.
Кедергілер жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кедергілер жөніндегі Кеңес құрылғаннан бері 2020 жылдың соңында 5 отырыс өткізілді, оның қорытындысы бойынша АӨК, тұрмыстық газбен жабдықтау, медициналық қызметтер көрсету және электрмен жабдықтау салаларында 16 кедергі анықталды.