
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуы туралы мемлекеттік органдардың атына КВИ ПТР-әдісімен зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерді нақты жеткізушіні көрсету бөлігінде шығарған хабарламалар орындалды.
Хабарламалар талаптарын орындау үшін мемлекеттік органдар КВИ ПТР-әдісімен зерттеулер жүргізу бойынша қызметтерді жеткізушілер ретінде тек мемлекеттік зертханалар айқындалған актілер мен шешімдерді алып тастады, осылайша шектеуді жойды және жеке бизнес субъектілеріне осы қызметтерді көрсетуге тең қолжетімділік мүмкіндігін берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар айында БҚО бойынша монополияға қарсы департаменті өткізілген Open Space қорытындысы бойынша үш мемлекеттік органның іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының бұзылу белгілерін анықтаған болатын.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/153422?lang=ru