Кірме жолдар қызметтерінің нарығындағы кедергілер

Кірме жолдар қызметтерінің нарығындағы кедергілер

Меншік иесінің кірме жолы арқылы жүріп өтуін шектеу - кірме жолдар қызметі нарығындағы бәсекелестікті шектейтін басты кедергі. Аталған тақырыпты 2021 жылғы 19 ақпанда "Open Space" алаңында Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент басшысыны Е.Ж. Камелев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы»ЖШС-нің-«ЖТ Алматы бөлімшесі» филиал қызметкерлері, және кірме жолдар қызметін көрсететін нарық субъектілерінің қатысуымен талқылады. Департамент өз тарапынан қатысушыларға монополияға қарсы заңнама нормаларының сақталмауы кірме жолдар жұмысындағы іркілістерге және вагондардың жүк операцияларында болу уақытының ұлғаюына, паркті пайдаланғаны үшін төлемақының артуына алып келуі мүмкін екенін хабарлады. Ал мұның барлығы, тиісінше, ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын өрескел бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" ашық коммуникациялық алаңы Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері Алматы облысы бойынша Департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook – Instagram-дағы @dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @ДАЗРК Талдықорган парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz   және тел: 8(7282)-24-63-61.

ашық көздерден алынған фотосурет