КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК – БҰЛ ДА МЕМЛЕКЕТТІК

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК – БҰЛ ДА МЕМЛЕКЕТТІК

IT-қызметтер нарығындағы сатып алуға қатысты осындай ұстанымды Атамекен ҰКП жанындағы IT комитетінің мүшесі Евгений Максимов атап өтті. Оның айтуынша, жиі ретте, түпкі бенефициар және меншік иесі мемлекет болып табылса да, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары мемлекеттік болып саналмайды. Мемлекет қатысатын заңды тұлға гипотетикалық түрде мемлекеттің серіктесі бола алатын жағдайда заңнамада парадоксалды нормалар туындайды.

-ИТ-саласындағы мемлекет қатысатын компаниялар өздерін коммерциялық субъектілер деп атайды. Бірақ бұл олай емес. Коммерциялық - сіз нарықта жұмыс істеген кезде. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар – бұл да өзге ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншігі бар мемлекет. Мысалы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары мен ұйымдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысуына мүмкіндік береді, бұл шын мәнінде мемлекеттің мемлекетпен әріптестігі болып табылады. - деді Евгений Максимов

Спикер өз тарапынан ақпараттандыру саласындағы заңнама мен практикасына қолданыстағы нормаларына бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, қазіргі кезде техникалық тапсырманы әзірлеуді мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары және нарық жүзеге асырады. Оның пікірінше, техникалық тапсырманы әзірлеуді тек «Зерде» ҰАХ» АҚ ғана және қолданыстағы «сұр» схемаларды алып тастап, мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асыруы тиіс. Ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезеңдерін қамтитын әзірлеу процесін, бұл ретте «Зерде» ҰАХ» АҚ-ға авторлық қадағалау қалдырылып, нарыққа беру қажет. Маманның айтуынша, өнімді жасау тапсырмасын берген тұлға авторлық қадағалауды да жүзеге асыруы дұрыс. Ақпараттандыру объектісін сүйемелдеуді және техникалық қолдауды қамтитын, бүгінде квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары немесе нарық жүзеге асыратын пайдалану процесін нарық қана жүргізуге тиіс. Ал аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникация желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді болжайтын жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді өзінің ерекшелігіне байланысты «Зерде» «ҰАХ» АҚ-да қалдыру ұсынылады.