
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бөлігінде «Еуразиялық банк» АҚ-на қатысты тергеп-тексеру жүргізілді.Тергеп-тексеру нәтижесімен тұтынушылармен банктік қарыз алу барысында, банкте өмірді және жазатайым оқиғадан сақтандыру қызметі күштеп таңылғандығы анықталды.
Мысалы, 1 500 000 теңге көлемінде қарыз алу барысында тұтынушы өмірді және жазатайым оқиғадан сақтандыру қызметі ретінде күштеп таңылған 432 000 теңге көлеміндегі қосымша соманы алуға мәжбүр болған.
2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 шілдесіне дейіңгі аралықта Еуразиялық банкпен тұтынушылық несиелер беру барысында өмірді және жазатайым оқиғадан сақтандыру шартымен 250 мыңнан астам келісімшарт жасалынған.Банктің сақтандыру сыйақысы сақтандыру сомасының 87% дейін құрайды.
Тергеп-тексеру қорытындысымен монополияға қарсы органмен «Еуразиялық банк» АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғалды. Алматы қаласының әкімшілік сотымен «Еуразиялық банк» АҚ 4 млн. 167 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қаулы заңды күшіне енбеді.
Ашық көздерден алынған фотосурет