ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ АЙМАҚТАҒЫ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ АЙМАҚТАҒЫ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН

Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелері жарғыда көзделмеген қызмет түрлеріне: елді мекенді безендіруге, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, жүк тасымалдауға, саябақты жөндеуге, сондай-ақ жолдарды ағымдағы жөндеуге "Жасыл-Жуалы" ШЖҚ КМК-мен тікелей шарттар жасай отырып, нарық субъектілері арасында бәсекелестікті шектеген. Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, білім бөліміне және 3 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

ашық көздерден алынған фотосурет