Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не, «Таза-Талас» ШЖҚ КМК-мен жарғыларында көзделмеген жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу жұмыстары, елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру және кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуін қамтамасыз ету қызмет түрлеріне тікелей шарттар жасасу арқылы нарықтың басқа субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектеу бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама жолданды.
Хабарлама алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.
Ашық көздерден алынған фотосурет