Тұтынушылар 2022 жылдан бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымды өздері таңдай алады

Тұтынушылар 2022 жылдан бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымды өздері таңдай алады

2020 жылдың 12 ақпанында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Open Space-те осындай мүмкіндік талқыланды. Іс-шараға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, «Электр энергиясы және қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның бас директоры Александр Зинкевич, «Самұрық-Энерго» АҚ Нарықты дамыту департаментінің бас менеджері Дархан Ахметов қатысты.

Серік Жұманғарин өз сөзінде электр энергиясы нарығындағы бәсекелестіктің дамуына шолу жасады. Ол нарық теңгерімі соңғы 5 жылда электр энергиясына сұраныстың айтарлықтай өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті. Электр энергиясының басым бөлігі өнеркәсіптің қажеттіліктеріне жұмсалады, сонымен бірге ТКШ секторы айтарлықтай үлеске ие, оның қажеттілігін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өтейді. Бұл энергиямен жабдықтаудың осы сегментіндегі бәсекелестікті дамытудың перспективалық мүмкіндіктерін көрсетеді.

- Қазақстан электр энергиясының көтерме сауда нарығы шоғырланудың жоғары деңгейімен сипатталады, - деп атап өтті Серік Жұманғарин. - Ел өңірлеріндегі нарықтық шоғырлану коэффициентінің көрсеткіштері бойынша үш ірі өнім берушінің үлесі 70% шамасында өзгеріп отырады. Электр энергиясының ұйымдастырылған көтерме сауда-саттығын келісімшарттардың ашық жасалуына ықпал ететін тетік ретінде дамыту қажет.

Электр энергиясын өткізу нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар:

- нарықтың жоғары шоғырлану деңгейі;

- негізгі қуаттарға қол жеткізудегі кедергілер;

- бағаларды реттеу құралдары;

- көтерме сауда нарығында шарттар жасасу кезіндегі айқын емес талаптар;

- тігінен интеграцияланған компаниялардың айтарлықтай үлесі;

- тарифтерді әлеуметтік саралаудағы атаулылықтың болмауы;

- тұтынушыларға өнім берушілердің қызметтері туралы ақпарат беретін заманауи электрондық платформалардың дамымауы (marketplace).

Тұтынушылардың топтары бойынша тарифті саралау практикасы бәсекелестіктің тең жағдайларын бұрмалайтын фактор болып табылады. Саралау халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін жүзеге асырылады, алайда осыған байланысты қолдауды аз қамтылғандар ғана емес, сонымен қатар ауқатты жеке тұтынушылар да алады. Сонымен қатар, бизнес пен мемлекеттік бюджетке үлкен жүктеме түседі, инфрақұрылым бұзылады.

Тәсілдерді өзгертудің негізі халықтың әлеуметтік осал топтарына тек коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған «боялған» ақша аударылатын «әлеуметтік әмиян» арқылы төлемдерді цифрландыру болар еді.

Осыған байланысты БҚДА мыналарды ұсынады:

- 2025 жылға дейін оны толық жоя отырып тарифтерді саралауды біртіндеп қысқарту;

- «электрондық әлеуметтік әмиян» тетігін қолдана отырып, тұрғын үй көмегі институты арқылы электр энергиясына ақы төлеуге атаулы әлеуметтік қолдау шараларын дамыту.

Электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамытудағы тағы бір кедергі көрсетілетін қызметті берушіні ауыстыру мүмкіндігі туралы тұтынушылардың өздерінің әлсіз хабар болуы және тұтынушы мен ЭЖҰ өзара іс-қимылының онлайн тетіктерінің (marketplaсe) болмауы болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін «КОРЭМ» АҚ Іскерлік ойын форматында ақпараттық алаңның жобасын ұсынды, онда Қазақстанның кез келген қала тұрғыны үйден шықпай-ақ электр энергиясын жеткізушіні ауыстыра алады. Әзірлеушілердің айтуынша, жетілдіруден кейін бұл платформа бұл процедураны 1 жұмыс күні ішінде жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік 2022 жылдан бастап тұтынушыларда пайда болады. Электр энергетикасы саласында осы бос орынды дамыту үшін:

- онлайн алаң нысанындағы marketplace заңнамалық ұғымын;

- контентті (жеткізушілер тізімі, тарифтер, шарттардың талаптары);

- онлайн алаң операторларына қойылатын талаптарды көздейтін заңнамалық базаны құру қажет.