
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121 – VI ҚР Заңына сәйкес, «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71 тарауын қолданысқа енгізу бөлігіндегі өзгерістерін түсіндіру бойынша қызметкерлер үшін семинар өткізді.
Семинар нәтижесінде, қызметкерлерге жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның 250 - нысанының бөлімдоерін ұсыну және толтыру мерзімдеріне қатысты ақпарат берілді.