СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРЛЕСКЕН КҮШ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРЛЕСКЕН КҮШ

Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін талқылау үшін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен онлайн форматында кездесті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали - мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаңдағаны туралы айтып берді. Өз тарапынан монополияға қарсы департаменттің басшысы Сержан Сихымбекұлы департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады және Департамент қызметкерлерінің бұл іске белсенді қатысуын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті.