БҚДА бәсекелестік құқығы бойынша оқу құралымен жұмыс істеу үшін үздік мамандарды шақырады

БҚДА бәсекелестік құқығы бойынша оқу құралымен жұмыс істеу үшін  үздік мамандарды шақырады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин КИМЭП университеті Құқық мектебінің профессоры, Кембридж университетінің құқық факультеті CELS орталығының шақырылған ғылыми қызметкері, доктор Клаудио Ломбардимен кездесті. Қатысушылар магистратура студенттері үшін бәсекелестік құқығы бойынша оқу құралын дайындау бөлігінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. БҚДА төрағасы ғылыми қызметте ұзақ жылдық тәжірибесі бар және бәсекелестік, халықаралық сауда, инновациялар және салыстырмалы шарттық құқық саласындағы заңнама мен саясатқа маманданған доктор Ломбардиге оқулықтың тең авторы, ал кейіннен осы мамандық бойынша дәріскер болуды ұсынды.

Доктор Ломбарди ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып, өз тарапынан шетелдік мамандарды қатысуға тартуды ұсынды.

Анықтама үшін:

«Бәсекелестік құқығы» білім беру магистратурасын кейіннен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізе отырып әзірлеу «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» ел Президентінің Жарлығында белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмасы болып табылады. Бәсекелестікті елдің барлық мемлекеттік органдары үшін қызметтің басым бағытына айналдыру міндетінің ауқымын ескере отырып, жоғары оқу орындарында бәсекелестіктің ерекшелігі мен міндеттерін білетін мамандарды даярлау болашақта алған білімдерін елдің экономикасы мен салаларының әртүрлі секторларында қолдануға мүмкіндік береді. Магистратура бөлімін ашу жаңа оқу жылының басталуымен 2021 жылы КазГЮУ базасында жоспарланып отыр.