
2021 жылы 5 ақпанда Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган «Open Space» форматындағы кезекті іс-шара өткізіп, салалық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жерге орналастыруды жобалаумен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысқан кездесуде жерге орналастыру жобасын әзірлеуде туындайтын өткір мәселелер талқыланды.
Қатысушылар жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда келісу және бекіту жөнінде сұрақтарды көтерді. Пікірталас кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеумен жеке ұйымдармен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы жүзеге асыратандығы анықталып, оған қоса жеке ұйымдар дайындалған жоспарды және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомосі Мемлекеттік корпорацияға жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді.
Осыған байланысты, монополияға қарсы орган жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыс атқарып жатқан жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі қызметтер нарығына мемлекеттік корпорацияның қатысуының орындылығын қарастырады.
Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган барлық бизнес қауымдастық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды бәсекелестік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға және бәсекелестіктің дамуына үлес қосуға шақырады. Ашық талқылау форматындағы Open Space-те әр жұма сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін онлайн-режимде жосықсыз бәсекелестік, тауар нарығына енуге шектеулер, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзу және өзге де бәсекелестікті шектеуге байланысты өзекті мәселелер талқыланады.
Келесі талқылауға арналған тақырыптар және жоспарланған іс-шаралар Департаменттің instagram: dаzrk_atyrau парақшасында орналастырылады.
Ұсыныстар dazrk_atyrau@azrk.gov.kz электрондық поштасы және тел: 27-01-80, 27-01-14, 27-01-29 арқылы қабылданады.
Ашық көздерден алынған фотосурет