
2021 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті аймақтағы тұрғын үй құрылысшылары, құрылыс материалдарын өндірушілер және жеткізушілерімен «Open Space» кеңсесі аясында кездесу өткізді. Жиналыс барысында бастапқы тұрғын үй құрылысы нарығы мен құрылыс материалдарының ағымдағы жағдайын талқылады. Құрылысшылар құрылыс материалдарының құнынын көтерілуіне қатысты мәселелерді көтерді, атап айтқанда негізгі жеткізушілер - «Модуль Сталь» ЖШС мен «Стил Двор-Астана» ЖШС арматура бағасының көтеруі.
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында Департамент монополияға қарсы комплаенс сыртқы актісін қабылдау мүмкіндігі бар екендігі хабарланды.
Ашық көздерден алынған фотосурет