Ақтөбе облысының құрылысшылары мен құрылыс материалдарын өндірушілеріне монополияға қарсы заңнама нормалары түсіндірілді

Ақтөбе облысының құрылысшылары мен құрылыс материалдарын өндірушілеріне монополияға  қарсы заңнама нормалары түсіндірілді

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент құрылысшылармен және құрылыс материалдарын өндірушілермен «Open Space» өткізді, онда оларға монополияға қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.

Атап айтқанда, нарыққа қатысушылардың сөз байласуы немесе үстем жағдайды теріс пайдалану нәтижесінде бағаны негізсіз көтеруге тыйым салынатыны.

Конференция барысында құрылысшылар тұрғын үй бағасының өсу себептері туралы айтып, негізгі себеп - цемент, кірпіш және арматура сияқты негізгі құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы деп атады.

Отырысқа қатысушыларға, монополияға қарсы орган мен нарық субъектілері арасында монополияға қарсы комплаенс жасау мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Ашық көздерден алынған фотосурет