
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуынан туындаған кедергілер тақырыбындағы Open Space форматында талқылауды өткізу қорытындысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекет қатысатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар қызметінің жарғылық түрлеріне талдау жүргізді. Екі мемлекеттік мекеменің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабын бұзу белгілері анықталды.
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларындағы қызмет түрлерінің қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеуінен көрініс тапты.
Осыған байланысты Департамент "Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ-нің және "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ-нің атына олардың әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.
Хабарламалар орындалуда.