Туризм саласындағы проблемалық мәселелер

Туризм саласындағы проблемалық мәселелер

2021 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туризм саласындағы проблемалық мәселелер тақырыбында "Open Space" форматында онлайн бейнеконференция өткізді. Туристік саланы дамытудағы кедергілер тақырыбына арналған Open Space өткізу туралы мәселе бір күн бұрын кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында талқыланып, барлық қатысушылар бірауыздан қолдады.

Өзекті тақырыпты талқылау үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының, "Ежелгі Тараз Ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-мұражайының, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, туристік фирмалардың өкілдері шақырылды.

Туризм нарығындағы ең өзекті мәселе-жалған кәсіпкерлер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар), олар Жамбыл облысының көрікті жерлеріне турларды лицензиясыз және салық төлемей жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, турларды ұйымдастыру бойынша бұл қызметті тендерлер нәтижелері бойынша басқа облыстардың нарық субъектілері жиі атқаруда. Жергілікті туристік агенттіктер республикалық маңызы бар қалалардың туристік агенттіктерімен бәсекелесе алмайды, сондықтан олар өз қызметін тоқтатуға мәжбүр.

Белсенді талқылау нәтижесінде, кедергілер жөніндегі Кеңестің екінші отырысында бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін туризм саласындағы нақты кедергілерді қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

Ашық көздерден алынған фотосурет