
25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кедергілер жөніндегі кеңесінің мүшелері кәсіпкерлікті дамытуға гранттар алу кезіндегі кедергілерді талқылады.
Шығыс Қазақстан облысының кедергілер жөніндегі кеңесінің төрағасы, «КЭМОНТ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Игорь Владимирович Шацкий өтініштерді қарау процедурасы мүлдем ашық болуы керек деп атап өтті. Өтінішті комиссияның қарау процесін аудио және видео жазбалар жүргізу керек, тіпті онлайн-трансляциялау қажет, комиссия құрамына салалар бойынша сарапшылар кіруге тиіс және субсидия алуға өтінімді мақұлдаумен қатар, субсидия алудан бас тартқан жағдайда да дәлелді қорытынды беруді енгізу керек. Мұндай қорытындылар кәсіпкерлерге келесі жылға грант алу үшін бизнесте не жақсарту керектігін түсінуге көмектеседі.
Игорь Шацкий болашақта грант тағайындалғаннан кейін наразы кәсіпкерлер қалатын жағдайлардың алдын алу қажет екенін баса айтты.
Кеңес жұмысының нәтижесінде кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде «Жол картасы-2025»Бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар беру ережелеріне бірқатар түзетулер ензізу туралы ұсыныстар пакеті дайындалды.
Ашық көздерден алынған фотосурет