ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетулерді сатып алу кезіндегі өзекті мәселелер

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетулерді сатып алу кезіндегі өзекті мәселелер

2021 жылы 29 қаңтарда Атырау облысы бойынша монополияға қарсы органмен Кедергілер жөніндегі Кеңестің отырысы аясында кезекті кездесу өткізіліп, кездесуде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетулерді сатып алу кезіндегі өзекті мәселелер бойынша туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

 Пікірталасқа салалық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері қатысып, медициналық қызметтерді сатып алу жоспары шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау тәртібіне, қызметті бірлесіп орындаушылар арасында қызметтер көлемі мен қаражаттарды бөлуге, жеке медициналық ұйымдардың мемлекеттік тапсырысқа тең емес қолжетімділігіне байланысты және т.б. сұрақтарды көтерді.

 Талқылау нәтижесінде кедергілерді анықтау және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды дайындау үшін  КВИ емдеу, стационарлық көмек, кардиологиялық бағыт аясында медициналық көмектер бойынша қызметтерді сатып алуға байланысты және т.б. сұрақтарды қосымша қарау жөнінде шешім қабылданды.    

Сонымен бірге, Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган барлық бизнес қауымдастық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды бәсекелестік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға және бәсекелестіктің дамуына үлес қосуға шақырады. Ашық талқылау форматындағы Open Space-те әр жұма сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін онлайн-режимде жосықсыз бәсекелестік, тауар нарығына енуге шектеулер, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзу және өзге де бәсекелестікті шектеуге байланысты өзекті мәселелер талқыланады.

Келесі талқылауға арналған тақырыптар және жоспарланған іс-шаралар Департаменттің instagram: @dkzrk_atyrau парақшасында орналастырылады.

Ұсыныстар dkzrk_atyrau@economy.gov.kz  электрондық поштасы және тел: 27-01-80, 27-01-14, 27-01-29 арқылы қабылданады.

Ашық көздерден алынған фотосурет