
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізді.
Департамент жүргізген талдау нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарында тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бойынша «Gaz Trade Service» ЖШС және «BSP GROUP LTD» ЖШС тиісінше үстем жағдайға ие екендігі анықталды. Сондай-ақ, Департамент талдау жүргізу кезінде аталған нарық субъектілері заңды тұлғалармен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарттарын жасағанда ай сайынғы алдын ала төлем талаптарын қойғандығын анықтады. Осылайша, «BSP GROUP LTD» ЖШС және «Gaz Trade Service» ЖШС тұтынушыны газ жеткізілімі үшін ай сайынғы алдын ала төлем шарттарында ақы төлеуге міндеттейді, ал бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына қайшы келеді, онда абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін ғана ақы алу құқығы жазылған.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік (үстем жағдайды теріс пайдалану) және Азаматтық кодекстерінің нормаларын бұзғандығын ескеріле отырып, «BSP GROUP LTD» ЖШС және «Gaz Trade Service» ЖШС мекен жайларына нарық субъектілеріне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануды тоқтату яғни, келісімшартта контрагентке экономикалық немесе технологиялық негізсіз келісімшарттың тақырыбымен байланысты емес талаптарды алдын-ала төлем жасауды көздейтін тармақты алып тастау арқылы жою және алдағы уақытта заң талаптарына қайшы келетін әрекеттерге жол бермеу туралы хабарлама жіберілді.
Хабарламаларды орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Ашық көздерден алынған фотосурет