СҚО МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ КВИ-ҒА ПТР-ТЕСТ ЖҮРГІЗУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕРТХАНАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРДІ

СҚО МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ КВИ-ҒА ПТР-ТЕСТ ЖҮРГІЗУГЕ  МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕРТХАНАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРДІ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Open Spase» нәтижелері мен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша үш мемлекеттік органның іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының бұзылу белгілерін анықтады

Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері актілер шығаруда көрініс тапты, оларға сәйкес короновирустық инфекцияны ПТР-әдісімен зерттеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілер ретінде тек мемлекеттік зертханалар ғана айқындалды, бұл осы зертханаларға жеке зертханаларға қатысты артықшылықтар беруге әкеп соқты.

Осылайша, мемлекеттік органдар нарықтың барлық мүдделі субъектілерінің құқықтарын сақтамады, КВИ зерттеу жөніндегі нақты қызмет көрсетушіні таңдау ұқсас қызметтер көрсететін нарық субъектілері арасында бәсекелестікті шектеуге алып келуі (немесе әкеп соғуы) мүмкін.

Департамент үш мемлекеттік органның атына олардың әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді.

Хабарламалар орындалуда.
Ашық деректен алынған фотосурет