
Коммуналдық құлдық немесе ТКШ саласындағы қызметтерді жеткізушілердің алмастырылмауы – ТКШ нарығындағы бәсекелестікті бұрмалайтын басты фактор. Кеше БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин, Индустрия және инфрақұрымдылық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Майкенов, «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы сервис және энергосервис басқармасы субъектілері қауымдастығының төрағасы Сәкен Махамбетов, кәсіпкерлер палатасының, ПИК қалалық қауымдастықтарының, лифт компанияларының өкілдері және ТКШ нарығының басқа да қатысушыларының қатысуымен өткен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде осы өзекті тақырып талқыланды.
Лифтілерге, домофондарға, сервистік және қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару жөніндегі компанияларға қызмет көрсету нарығындағы жағдайды талдауды БҚДА қаржы нарықтары және өзге салалар департаментінің директоры Жанар Әдікова ұсынды. Оның айтуынша, тұтынушыларда, яғни тұрғын үй меншік иелерінде, көбінесе басқа өнім берушілерді таңдау мүмкіндігі жоқ, қызметтерді күштеп таңуды құрылыс салушы үй салу сатысында жүзеге асырады. Тұрғын өзі үшін таңдалған домофон, лифт, ҚТҚ шығаратын өнім берушілер, басқарушы компания бар пәтер сатып алады. Оларды ауыстыру үшін көптеген проблемаларға тап болады, осылайша барлық шарттар мен тарифтерге еріксіз келіседі.
- Домофон жүйелерін орнату және қызмет көрсету саласында 100-ден астам компания бар, бұл бәсекелестікті білдіреді, алайда талдау нәтижелері әлі күнге дейін нарықта жоғары шоғырлануды көрсетеді, - деп атап өтті Жанар Әдікова. – Анықталған бірқатар проблемалар -домофон жүйесін орнату кезінде техникалық қызмет көрсетуге шартты күштеп таңу, домофон жабдығын сатып алу шығындарын қоса алғанда, оларды орнату үшін шот ұсын, ал шарт бойынша ол тұрғындарға меншікке емес, пайдалануға ғана беріледі. Сонымен қатар кілттерді сатып алуды күштеп таңу жағдайлары жиі кездеседі, ал тұрғындар электронды код арқылы кіре алады.