
Бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша сөз сөйледі. Ратификацияланатын Хаттамаға сәйкес Армения Республикасы Келісімге қосылады, бұл оның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің субъектілеріне қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі ЕЭК өкілеттіктерін іске асыруға толық құқықты қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Парламент Сенаты Заңды қабылдады және Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілетін болады.