Агроөнеркәсіптік кешен саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ведомствоаралық әдістемелік топ құрылды

Агроөнеркәсіптік кешен саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ведомствоаралық әдістемелік топ құрылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ведомствоаралық әдістемелік топ құрылды.

Ведомствоаралық әдіснамалық топтың отырыстары апта сайын өткізіледі.

Ведомствоаралық әдіснамалық топтың негізгі міндеті субсидиялау, жер ресурстарына, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы нарықтарына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қол жеткізу бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне түзетулер әзірлеу және енгізу болып табылады.

Ведомствоаралық әдіснамалық топтың бекітілген құрамымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтында «Құжаттар» бөлімінде толығырақ танысуға болады. https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/119469?lang=kk