
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында, сұйытылған мұнай газын көтерме-бөлшек саудада өткізу нарығында талдау жүргізді. Талдау барысында Департаментпен елордалық бірқатар сатушылардың баллон және автомобиль газын ұзақ уақыт бойы, оның айналымының әртүрлі жағдайларында бірдей бағамен сатып келгені анықталды.
Бұл нарық субъектілерінің ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170 бабының, 1 тармақшасында көзделген бағаларды белгілеу және (немесе) ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілерін көрсетеді.
Осыған байланысты, Департамент 5 субъектінің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы хабарлама шығарды.
Нәтижесінде, нарық субъектілері хабарламаны орындап, бөлшек сауда автомобиль газ бағасы – 68 теңге/литр, баллон газы – 127 теңге/килограмм төмендетілді.
Айта кету керек, бұған дейін елордада автомобиль газ бағасы бөлшек саудада шекті белгіленген бағамен, яғни 70 тг/литр, баллон газы – 130 тг/кг өткізіліп келген.
Ашық көздерден алынған фотосурет