Перинаталдық скринингтен өту басымдылығы Алматы облысының мемлекеттік емханаларына берілді

Перинаталдық скринингтен өту басымдылығы Алматы облысының мемлекеттік емханаларына берілді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Департамент) жатырішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен туа біткен ақауларын ерте анықтау мен диагностикалауға бағытталған пренатальды скринингті ұйымдастыру тәртібіне қатысты «Қазақстандық медициналық лабораториялардың қауымдастығы» ЗТБ шағымын қарады.

Шағымды қарау кезінде Департамент, Алматы облысының медициналық ұйымдары перинаталды скринингтік қызметтерді өзбетінше ұсынбайтынын және мемлекеттік және жеке зертханалармен бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасайтындығын анықтады, бірақ Алматы облысының медициналық ұйымдарының көпшілігі перинаталдық скринингтік қызметтерді ұсыну бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы облыстың мемлекеттік клиникаларымен келісімдер жасасуды жөн көрген.

Осылайша, медициналық ұйымдармен перинаталдық скринингтен өтуі үшін науқастар негізінен мемлекеттік медициналық ұйымдарға жіберілген.

Бұл іс-әрекетте Департамент мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті шектеу және осы өнім нарығына қол жеткізу үшін қосымша тосқауыл қою белгілерін көрді.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194 бабына сәйкес,  Департамент «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не мемлекеттік мекемесіне уәкілетті орган ретінде Алматы облысының медициналық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімдер жасасуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы сондай-ақ, бұдан әрі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне меншіктің түріне қарамастан осы зерттеуді жүргізетін барлық медициналық ұйымдарда перинаталды скрининг бағытында бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқама шығарды.

.            ашық көздерден алынған фотосурет