
2021 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Медициналық ұйымдардың монополияға қарсы органға қағаз түрінде жүргізілген сатып алулар туралы есеп беру мәселелері» тақырыбында «Open Spaсe» өткізді.
OpenSpaсe-ке ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, бас дәрігерлер және мемлекеттік медициналық ұйымдардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Онлайн-отырыстың нәтижелері бойынша проблемалық мәселе анықталды: кейбір медициналық ұйымдар әлі күнге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды қағаз түрінде жүзеге асырады. Алайда аталған ережелер медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуда веб-порталынан мүмкіндігін таңдау құқығын қарастырған. Дегенмен медициналық ұйымдардың өкілдері бүгінгі күні аталған ережелерде тендерлерді өткізу мерзімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қарағанда қысқа мерзімде қарастырылғандықтан сатып алуларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті.
Сатып алу туралы мәліметтерді электронды форматқа көшіру үшін мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы веб-порталының №1729 Қағидаға сәйкес тендерлердің өткізілуін қамтамасыз ету бойынша функционалдығын толықтыру немесе дәрі-дәрмектерді сатып алудың арнайы электрондық платформасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
«Open Spaсe» қатысушылары № 1729 қаулымен бекітілген ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды бастамашылық ету және барлық медициналық сатып алуды электронды форматқа ауыстыру қажет деген қорытындыға келді.
Медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмектерді сатып алуын электронды форматқа ауыстыру сатып алу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. сауда нәтижелерінің бұрмалану қаупін азайтады және тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына оң әсер етеді.