Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде бәсекелестікті шектеу

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде бәсекелестікті шектеу

15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Департамент) «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты іс-шараларды өткізу кезінде бәсекелестікті шектеу» тақырыбында «Open Space» өткізді.

Іс-шара жергілікті атқарушы орган өкілдері мен барлық мүдделі тұлғалардың шақырылуымен онлайн форматта өткізілді.

Қатысушылар мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берумен байланысты іс-шараларды өткізу бойынша рәсіммен танысты, сондай-ақ бәсекелестікті шектейтін және басқа да әлеуетті қатысушыларды конкурсқа қатысудан айыратын конкурстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдар қоятын қосымша шарттарға қатысты проблемалық мәселелер қозғалды.

Департамент басшысының орынбасары тұтынушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Департамент бұл іс-шараны әр апта сайын жұма күні өткізуді жоспарлап отыр.

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында барлықтарыңызды біздің диалогқа белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Ол үшін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекен-жайына немесе +7 (7282)24-28-16 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Егер сізде келесі талқылаулардың тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды мына электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: n.aukebaev@azrk.gov.kz.