КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРУШІГЕ ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕУ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРУШІГЕ ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕУ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Күнбағыс майын көтерме сату нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе облысында күнбағыс майын өндіруші өнімді қаланың ірі сауда желілеріне тікелей өткізуден бас тартқаны анықталды.

Субъект өнімін өзінің дистрибьюторы арқылы сатуына байланысты, сәйкесінше делдал арқылы сатылатын өнімдер халыққа қымбатқа түседі.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауар нарығында нарықтық билікке ие субъектіге мұндай әрекеттерді жасауға, атап айтқанда, тауарды өткізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті оның әрекеттерінде бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама енгізді, алайда субъект монополияға қарсы органның хабарламасын толық көлемде орындамаған.

Күнбағыс майын өндірушіге қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты монополияға қарсы тергеу тағайындалды, оның нәтижелері бойынша бұзушылық фактілері болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.

Ашық көздерден алынған фотосурет