ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» (Ұлттық жобаны) әзірлеуі, оның шеңберінде бәсекелестік мінез-құлық елдің барлық мемлекеттік аппараты мен нарық субъектілері үшін норма болуы тиіс, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 31 желтоқсанда қол қойған «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» Жарлықтың тапсырмаларының бірі болып табылады. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2000000484
Ұлттық жобаны іске асыруды және бәсекелестікті дамыту жөніндегі міндеттерді шешуді жобалау тетігі арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Үстем топтардың жоғары шоғырлануы мен орнықты жағдайы жағдайында бәсекелестікті дамытудың негізгі құралдарының бірі биржалық сауданы дамыту болып табылады. Қазіргі кезде БҚДА қолжетімділікті шектеу (бензин, дизель отыны, авиа отын, битум) қаупі бар нарықтар бойынша биржалық тауарлар желісін кеңейту және сауда-саттықта сатылатын тауарлардың (сұйытылған газ, электр энергиясы) үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Ұлттық жобада мемлекеттік және жеке операторлардың қызметіне көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттің айрықша құқықтар беруінің ашық тетігін, оларды іріктеудің конкурстық тәртібін, жұмыс істеуі мен ашықтығына қойылатын талаптарды, мемлекеттік монополия субъектілеріне ұқсас бағаларды келісуді айқындау қажет.
Кәсіпкерлер санын ұлғайту, шоғырлану деңгейін төмендету, ШОБ үлесін ұлғайту, бір көзден сатып алу үлесін азайту жөніндегі нысаналы индикаторлар барлық салалық министрліктер мен әкімдіктердің қызметіне енгізілетін болады. Ұлттық жобаны орындау бойынша жұмыс барынша цифрландырылатын болады.