
Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларға бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департаментімен «Бэст Март» ЖШС, «Таткрафт-Фуд» ЖШС, «Грейт-Шоп» ЖШС, «Таткрафт-Ритэйл» ЖШС, «Хэппи-Фуд» ЖШС-і Петропавл қаласының «Семейный» супермаркеттерінің желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларды өткізуді жүргізетін компаниялармен монополияға қарсы комплаенстың актілері жасалды.
Осындай актіге қол қоя отырып, субъектілер әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларды бөлшек саудада өткізу нарығында адал бәсекелестікке қол жеткізуді және Қазақстан Республикасының бәсекелестіктікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын алдын алу бойынша шараларды қабылдауды растайды.
Сауда-саттық саясатқа сәйкес субъектілер әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларға өндірушінің босатылатын бағасынан 15 % аспайтын немесе жеткізу шартында көрсетілген көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеуге құқылы.