
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырысы бойынша «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 1, 3 және 3-1 бөліктері бойынша түсіндірме мен сот практикасын шолуды басып шығарды.
Басылымды А.Т. Айтжановтың жалпы редакциясымен авторлар ұжымы А.Т. Айтжанов, Е.С. Бычкова, Е.И. Добриян, Д.Л. Мухаметова дайындады. Консультанттар РАШжМҚА СБИ-дің профессоры И.В. Князева, сондай-ақ «Монополияға қарсы сарапшыларының альянсі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Л.М. Устьянцева, А.О. Корнилова және К.Д. Холтурсунов болып табылды.
Кітаптың бірінші бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің екі бабы: «Бәсекелестікке қарсы келісімдер» деген 169-бап және «Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану» деген 174-бап бойынша түсіндірмелер берілді.
Екінші бөлікте ҚР ӘҚБтК 159-бабының 1, 3 және 3-1 бөліктері бойынша бәсекелестікке қарсы келісімдер және үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша монополияға қарсы істерді қараудың сот практикасын шолу, сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің аталған бабының құқық қолданудың жалпы өзекті мәселелері сөз болған.
Үшінші бөлікте монополияға қарсы тергеу-тексеру жүргізген кезде және соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық бойынша істерді қараған кезде арнайы білімдерді қолдану, оның ішінде, мемлекеттік органдар мен соттар монополияға қарсы салада заңнаманы қолданған кезде сарапшылардың (мамандардың) орнын талдау мәселесі қаралды.
Басылымды дайындау кезінде соттардың, монополияға қарсы ведомствоның, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның материалдары, сот шешімдерінің дерекқоры және өзге ашық ақпарат дереккөздері қолданылды.
Түсіндірме мемлекеттік қызметшілерге, монополияға қарсы, құқық қорғау, сот органдардың қызметкерлеріне, заң және экономика факультетерінің студенттері мен оқытушыларына, кәсіпкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін пайдалы болады.
Кітаптің электрондық нұсқасымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/115252?lang=ru