Кедергілер жөніндегі кеңес – жұмыс істеп жатыр

Кедергілер жөніндегі кеңес – жұмыс істеп жатыр

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен белсенді өзара іс-қимылының арқасында фармацевтикалық қызметтер нарығында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу қағаидаларындағы елеулі кедергілердің бірін шешуде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді. Атап айтқанда, қағидалардың конкурстық қағидаларының бірі қатысушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі үшін 2 балл қосуды көздейді. Кедергілер жөніндегі кеңес тіңмүшесі Батырбек Машкеевтің өтініші бойынша, бұл шарт құқықтарға қысым жасайды және ОТӨ арасында бәсекелестікті дамытуға айтарлықтай кедергі келтіреді: дәл осы 2 балл шетелдік қатысуы бар фармацевтикалық өндірістерге қазақстандық өндірушілер алдында артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді, себебіі одан кейінгі конкурстық рәсімдер шетелдік қатысуы бар ОТӨ арасында өтеді.

«СК Фармация» ЖШС-ның хабарламасы бойынша қазіргі кезде Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының жобасы әзірленді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтініміне бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қайта қаралды. Әлеуетті өнім берушіде немесе оның құрылтайшысында ҚР аумағынан тыс жерде бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі бойынша өлшемшарт жобадан алынып тасталды. Бүгінгі күні жоба мемлекеттік органдарда келісуде жатыр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Кедергілер жөніндегі кеңес» краудсорсинг алаңы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құрылған, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзекті болып табылатын тиісті тауар нарықтарында «әділ сауда» қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша объективті ұсыныстар әзірлеу үшін нарықтарға кіру бойынша шектеулерді анықтауға, сараптамалық қоғамдастықтың бәсекелестікті бұрмалауға түрлі факторлардың әсерін бағалауға және сараптауға бағытталған.