
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 2021 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (Департамент) «Гормолзавод» ЖШС-мен, атап айтқанда майлылығы кемінде 72,5% сары май, майлылығы 2,5% пастерленген сүт және майлылығы 5-9% сүзбе бойынша монополияға қарсы комплаенс актісін жасады.
Сонымен қатар, Департамент С-1 тауық жұмыртқасын өндіруші нарық субъектілерімен монополияға қарсы комплаенс жасасу мәселесі қосымша пысықталуда.
Ашық көздерден алынған фотосурет