Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (Департамент) «Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы» тақырыбындағы «Open Space» онлайн сессиясының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық мемлекеттік мекемеден (КММ) мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынға (МКҚК) немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға (ШЖҚ МКК) ұйымдық-құқықтық нысанын (ҰҚН) ауыстыруға қатысты түсіндірме жіберді.
Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін жекелеген КММ-ны МКҚК немесе ШЖҚ МКК-ға ауыстыруды жоспарлады, сондай-ақ ҰҚН-ды ауыстырудың барлық рәсімі қайта тіркеу болып табылады деп пайымдады. Осыған байланысты Департамент өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының нормаларын түсіндірді, коммерциялық емес ұйымнан коммерциялық ұйымға ҰҚН ауыстыру квазимемлекеттік сектордың жаңа субъектісін құру болып табылады. Департамент Кодекстің 21-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызметке осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шектерде қатысатынын көрсетті. Мемлекеттің саясаты квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру санын азайтуға және олардың қызмет түрлерінің тізбесін қысқартуға бағытталғандығы, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басым бағыттарының бірі мемлекет иелігінен алу фактісі жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілді.