Департаментпен «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не қатысты хабарлама енгізілді

Департаментпен «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не қатысты хабарлама енгізілді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл  облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабы 2 тармағының 7) тармақшасымен қарастырылған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілері бойынша, атап айтқанда хромосомалық патологияны және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму ақауларын ерте анықтау және диагностикалау үшін бағытталған перинаталдық скринингтен өткізу қызмет түрін Жамбыл облысында екі медициналық ұйымға аумақтық қағидат бойынша бөлуге бағытталған бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не қатысты хабарлама енгізілді.

Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

БҚДА Жамбыл облысы бойынша департаменті   

+7 (7262) 43-44-67      

ашық көздерден алынған фотосуреттер