БҚДА-ның Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысындағы азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорларының қызметімен танысты

БҚДА-ның Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысындағы азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорларының қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен дәрілік препараттар бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде Атырау облысындағы қоймалар мен көкөніс қоймаларына барып, азық-түлік тауарлары мен дәрілік заттардың тұрақтандыру қорларының қызметімен танысты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында олардың өсу кезеңіне интервенция жүргізу арқылы құрылды. Барлығы 3 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері мен бірінші сұрыпты бидай ұны сатып алынды. Өнім Атырау қаласының төрт ірі сауда орталықтарында сатылады. Бірінші сұрыпты нанның бағасын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қорынан облыстың 10 наубайханасымен ұн жеткізу туралы шарттар жасалды. Сондай-ақ, ӘМАТ-ты "Идеал" және "Лидер" супермаркеттері желісінде шекті рұқсат етілген бағадан аспайтын бағамен сату үшін жеңілдікті қарыз бөлінді.

Дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры коронавирустық инфекцияны емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың бағасын тұрақтандыру және төмендетілмейтін қалдығын ұйымдастыру (дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеу) мақсатында құрылды.

Тұрақтандыру қорының мөлшері 500 млн. теңгені құрайды және 42 түрлі препараттан тұрады. Аймақтағы 175 дәріханаға дәрі-дәрмек сататын «INKAR»ЖШС дәрі-дәрмек жеткізуші болып табылады.