ҚР БҚДА Шымкент қаласының Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын нарық субъектілерімен кездесті

ҚР БҚДА Шымкент қаласының Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын нарық субъектілерімен кездесті

2021 жылғы 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) өндірумен, сатумен айналысатын нарық субъектілерінің өкілдерімен: «Дани-нан» ЖШС, «Алтын Дән» ЖШС «Pioner Grain Products»ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС,  «Тассай  құс» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, Magnum Cash Carry ЖШС, Metro ЖШС, Cash Carry ЖШС, Грамад ЖШС, Фиркан ЖШС азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормалары және олардың қолданылуы бойынша түсіндірілді, атап айтқанда бағаларды негізсіз көтерген жағдайда монополияға қарсы органмен  нарық субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері (сөз байласылар) және жосықсыз бәсекелестік бойынша бұзушылықтар жөнінде.

Жиналыс соңында Департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы қатысушыларға ӘМАТ бағаларын негізсіз көтермеу мақсатында монополияға қарсы комплаенстың (келісім) сыртқы актісіне қол қоюды ұсынды.