ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКЕРІН ШЕКТЕЙДІ

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКЕРІН ШЕКТЕЙДІ

Осындай өзекті мәселені 29 желтоқсанда БҚДА-ның Кедергілер жөніндегі кеңесінің отырысында «Вива-фарм» фармацевтикалық компаниясының бас директоры Батырбек Машкеев көтерді.

Мәселе екі кедергі туралы. Бірінші - ҚР-да 10 жыл мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу. Батырбектің айтуынша, «ұзақ мерзімді жеткізу шарты» ұғымы дәрілік заттарды сатып алу қағидаларында 2009 жылы пайда болған. Қазақстандық фармацевтикалық нарықта көптеген өндірушілер жұмыс істейтіндіктен, ұзақ мерзімді шарттар жасасу бәсекелестікті тежейді. Екінші елеулі кедергі - қолданыстағы сатып алу қағидаларының конкурстық өлшемшарттарының бірі, ол бойынша конкурсқа қатысушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі үшін 2 балл қосылады.

-Дәл осы 2 балл шетелдік қатысуы бар фармацевтикалық өндірістерге қазақстандық өндірушілер алдында артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді, осының салдарынан одан әрі конкурстық рәсімдер шетелдік қатысуы бар ОТӨ арасында, қазақстандық өндірушілердің қатысуынсыз өтеді,-деп атап өтті «Вива-фарм» басшысы.