БҚДА САУДА ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БӨЛІГІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТАЛАПТАРДЫ ҚАТАҢДАТУДЫ ҰСЫНАДЫ

БҚДА САУДА ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БӨЛІГІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТАЛАПТАРДЫ ҚАТАҢДАТУДЫ ҰСЫНАДЫ

Мұндай ұсыныстарды Агенттік өткен Open Space-те жариялады. Атап айтқанда, БҚДА «сауда қызметін реттеу туралы» заңның қолданыстағы нормаларына және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістерді енгізуді ұсынады.

Тыйым салынады:

  • Дискриминациялық жағдай жасау;
  • Өнім нарығына кіру / қол жеткізуде кедергілер жасау;
  • Контрагентке жүктеу: жеткізілім шарттарын жасауға тыйым салудың шарттары; жеткізілім бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік; ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа субъектілермен жасалған шарттар туралы ақпарат беру ; тауарларды қайтару шарттары; тауарларды сату үшін тауарларға меншік құқығынсыз үшінші тұлғаға рәсімдеу ;
  • Сақтау мерзімі 30 күнге дейін субъектіге тауарларды қайтару немесе осындай тауарларды ауыстыру немесе олардың құнын өтеу шарттары бар келісім жасау.