Атырау облысында электр желілеріне қосылуға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеу

Атырау облысында электр желілеріне қосылуға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеу

2020 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Электр энергиясын өткізу нарығындағы өзекті мәселелер бойынша Кедергілер жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Талқылауға салалық мемлекеттік органдардың өкілдері және  нарық субъектілері «Атырау ЖЭО» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ, «Атырауэнергосату» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС және «Karabatan Utility Solution» ЖШС қатысты.

Отырыс қатысушылары тұтынушылардың электр желілеріне технологиялық қосылу жөніндегі құқықтарын шектеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары қызметтері нарығындағы бәсекелестікті жою және электр желілерін салуға жобалық құжаттаманы әзірлеу, электр энергиясы нарығында кепілдік беретін өнім берушілердің жағдайы туралы, сондай-ақ электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді ұсыну бойынша проблемалық мәселелерді көтерді.

Талқылау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Кедергілер жөніндегі Кеңесімен орталық аппаратқа «Кедергілер картасын» қалыптастыруға арналған тиісті ұсыныстар жіберілді.