«Атамекен» ҰКП-тің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөліміне коммуналдық нарықты сенімгерлікке беру бойынша конкурс өткізу кезінде бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтырған әрекеттерді қабылдау туралы тергеу жүргізді.
Тергеу нәтижесінде Департамент жіберілген бұзушылықтарды жою, сенімгерлік келісім шартын сотта бұзу және конкурсты қайта өткізу туралы бұйрық шығарды.
Алайда мемлекеттік орган бұйрықты орындаудан бас тартты.
Бұйрықты орындау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін Департаментпен лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.