Тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды өткізу кезіндегі кедергілер

Тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды өткізу кезіндегі кедергілер

2020 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті онлайн режимінде кедергілер жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысын өткізді.

Кеңес отырысында тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды өткізу кезіндегі өзекті мәселелер мен кедергілер қаралды.

Кеңес төрағасының орынбасары, «Жетісугаз «корпорациясы» АҚ –ның қаржы директоры Светлана Владимировна Просяйникова қатысушыларды тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газды сату бойынша нарықта қалыптасқан жағдай туралы хабардар етті. Атап айтқанда, "газ және газбен жабдықтау туралы" заң нормаларының, сондай-ақ барлық газ желісі ұйымдары тарапынан басқа да заңнамалық актілердің сақталуын, атап айтқанда, тұрмыстық баллондарда газды өткізуді есепке алу бойынша бақылаудың және регламенттеуші құжаттардың болмауын қамтамасыз ету мәселелері айтылды

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің орталық аппаратына сұйытылған мұнай газы саудасының электрондық сауда алаңдарына кезең-кезеңімен көшу тетігінен халыққа арналған топтық резервуарлық қондырғылар және тұрмыстық баллондар арқылы жеткізілетін әлеуметтік газ көлемдерін алып тастау бөлігінде «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасына өзгерістер енгізуге бастама жасау туралы шешім қабылданды.

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе +7 (7282)24-28-16 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз. Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды мына электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: a.khasanaeva@azrk.gov.kz