
26 қарашада Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің бірінші отырысында «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК суды есепке алу аспаптарының апробациядан өту және оларды коммерциялық есепке алу проблемалары талқыланды. Кеңес отырысына су есептегіш құралдарын сатушылар, көтерме-бөлшек сауда иегерлері, құрылыс компаниялары және т.б. бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Суды есепке алу аспаптарын коммерциялық есепке алу магистралдық құбыр жолдары мен тарату желілері арқылы су беру тікелей «Астана Су арнасына» байланысты. Бүгінгі таңда елордада есептеу құралдарын сату нарығында Itron, Orion және Waviot сияқты қашықтықтан деректерді беру жүйелері жұмыс істейді.
Бұған дейін Департаментпен «ADIL Group Plus» және «Smart Systems Asia» ЖШС-нің Wehrle Gmbh (Германия) және «Сфера экономных технологий» (Ресей) өндірісінің көрсеткіштерін қашықтықтан автоматты жинау жүйесі бар су аспаптарын коммерциялық есепке алудан негізсіз бас тарту бойынша «Астана Су Арнасы»-ның іс-әрекеттеріне қатысты шағымдары қаралды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті берген сертификаттың болуына қарамастан, Кәсіпорын жаңа нарық субъектілерінен 3 ай бойы бір көппәтерлі тұрғын үйде апробациядан өтуді талап етуде.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында апробациядан өту бойынша қандай да бір талаптар белгіленбеген.
Кеңес отырысы апробациядан өту процесін регламенттеуді және монополияға қарсы органмен комплаенстің сыртқы актісіне қол қою арқылы, суды есепке алу аспаптарын коммерциялық есепке алу критерийлерін әзірлеуді ұсынды.