
Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен заң бұзушылықтар белгілері анықталып, хабарламалар енгізілді. Атап айтқанда, жарғысында қызметтің тиісті түрі көзделмеген «Таза Мекен» ШЖҚ КМК-мен зиянсыз қалдықтарды шығару, жүк тасымалдау бойынша автомобиль қызметтері, жүктерді қаттап тастау және сақтау қызмет түрлеріне келісім шарттар жасасу арқылы басқа да нарық субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектегені үшін «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықты тоқтату туралы хабарламалар енгізілді. Сондай-ақ, ұқсас заң бұзушылықтар белгілері үшін Жамбыл облысы Жамбыл ауданының 9 ауылдық округтері әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне қатысты заң бұзушылықты тоқтату туралы хабарламалар енгізілді.
Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.