
Президентке тікелей бағынатын бәсекелестікті қорғау жөніндегі ведомствоның құрылуы - осы органның ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді, - деп атап өтті Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Владимир Колтович күні кеше өткен Беларусь Республикасының монополияға қарсы заңнамасына құқықтық шолудың онлайн-таныстырылымы кезінде (ЮНКТАД). Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясының ЕО және ЕЭК сауда нарықтарындағы экономикалық жағдайды ескере отырып жүргізген зерттеуі Белоруссияның монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнамасын түзету жөніндегі ұсынымдардан тұрады. Таныстыруда Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі өкілдері атап өткендей, бұл ұсыныстар 2021 жылы елдің монополияға қарсы заңнамасына өзгерістер енгізу қарсаңында өте өзекті. БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин өз сөзінде Беларусьтің монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау саласы үшін қысқа мерзімде жасаған жұмысының орасан зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, халықаралық монополиялар мен картельдердің ықпалымен тиімді күресуге бірлескен халықаралық ынтымақтастықтың керектігін баса айтты.
Онлайн-таныстыру аяқталысымен Серік Жұманғарин кездесуге қатысушыларды "монополияға қарсы және экономикалық реттеу" мамандығы бойынша магистратура студенттері үшін оқулық дайындауға атсалысуға шақырды, факультетті ашу жұмыстарын БҚДА ҚазМЗУ және ҚР БҒМ-мен бірлесіп жүргізуде.