Домофондарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер нарығының өзекті мәселелері

Домофондарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер нарығының өзекті мәселелері

2020 жылғы 11 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті онлайн режимінде "Open Space"форматында кезекті іс-шара өткізді. Мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерімен, домофондарды орнату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері нарығының субъектілерімен және пәтер иелерінің кооперативтері мен бірге нарықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Департамент басшысының орынбасары Айгүл Турусбаева және талдау бөлімінің бас маманы Аида Хасанаева қатысушыларды домофондарды орнату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер нарығының ағымдағы жағдайымен және өзекті мәселелерімен таныстырды. Атап айтқанда, домофон жүйелерін орнату және оларға қызмет көрсету бойынша, қызметтерді ұсынатын ұйымдарды бақылау мақсатында нормативтік актілерді (ережелерді) әзірлеу қажеттілігі мәселелері айтылды.

"Open Space" аяқталғаннан кейін Департамент басшысының орынбасары барлық айтылған мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға және тиісті органдарға хаттар жолданатынын және қажет болған жағдайда ден қою шаралары қабылданатынын атап өтті.

"Open Space" форматындағы іс-шараларды Департамент апта сайын жұма күндері өткізеді.

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында барлықтарыңызды біздің диалогқа белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Ол үшін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекен-жайына немесе +7 (7282)24-28-16 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Егер сізде келесі талқылаулардың тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды мына электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: a.khasanaeva@azrk.gov.kz