
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлескен кеңес өткізді. Оның шеңберінде "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі - Адалдық алаңы" жобасының жарғысына қол қойылды. Осылайша, БҚДА-да «Адалдық алаңы» жобалық офисінің жұмысы бастау алды.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бұл жобаны іске асыруға негіз болды. Жоба сыбайлас жемқорлықтың ауқымын қысқартуға және жоюға, азаматтардың Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сенімін арттыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының қызметі келесі салаларды қамтиды:
- Жоба командасы ұсыныстар жинап, идеялар тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. Жоба кураторы, БҚДА аппарат басшысы Саян Ахметжанов ұсыныстарды қарастырып, олардың әрқайсысы бойынша ай сайын шешім қабылдайтын болады, - деп атап өтті БҚДА төрағасы бірінші орынбасары Рустам Ахметов. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен іс-қимылдар діттеген мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп сенемін.