ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ НАРЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ НАРЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

4 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» форматында кезекті іс-шараны онлайн режимінде өткізді. Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтердің нарық субъектілерімен бірге нарықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Департамент басшысы Ермек Камелев пен тергеу бөлімінің бастығы Гүлмира Найманова жиналғандарды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару нарығының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, қолданылатын тарифтердің мөлшері, сондай-ақ осы өнім нарығында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың болуы туралы жарияланды.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне осы нарық субъектілерімен меморандумдар мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасудың жол берілмейтіндігі туралы түсіндірмелер берілді.

«Open Space» соңында Департамент басшысы барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдарға хаттар жіберілетінін және қажет болған жағдайда жауап шаралары қабылданатынын атап өтті.

Департаментпен аталған іс-шара әр апта сайын жұма күндері өткізіледі.

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін ең өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарастыру және шешу үшін біз барлығынан біздің диалогқа белсенді қатысуын сұраймыз. Ол үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Талдықорған қ. Қабанбай батыр, 78, немесе +7 (7282) 24-28-24 телефоны арқылы. Егер сізде келесі пікірталас тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды t.nesipbaev@economy.gov.kz. электронды мекен-жайға жіберіңіз.