Ақмола өңірінде газ сатудың әртүрлі бағаларын қолдану фактілері жойылды

Ақмола өңірінде газ сатудың әртүрлі бағаларын қолдану фактілері жойылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының аудандары мен қалалары бойынша сұйытылған мұнай газын қайталама-көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда, объективті себептерсіз нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдану арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану анықталды.

Нәтижесінде Департамент «Max Gas Company» ЖШС және «Атбасар Газ» ЖШС атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің
174-бабының 2) тармақшасына сәйкес олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.

Қазіргі уақытта хабарламалар орындалды: әртүрлі бағаларды қолдану тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға, сату көлемін, төлем шарттарын, шарттың қолданылу мерзімдерін ескеретін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына негізделген жағдайларды қоспағанда, нарық субъектілері сұйытылған мұнай газын контрагенттерге көтерме саудада өткізу кезінде бірдей бағаларды қолдануға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау үшін Департамент апта сайын ОЭК саласында мониторинг жүргізетінін қосымша хабарлаймыз.