
БҚДА мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасын әзірлеп жатыр. Жобаның басты мақсаты: өнім нарығындағы экономикалық шоғырлану деңгейін төмендету. Осы мақсатқа жетудегі БҚДА талабы - нарыққа қатысушылардың санын көбейту. Cайып келгенде, бұл негізгі олигополиялық топтардың шартты нарық үлесінің төмендеуіне әкелуі керек.
- Болашақ жобаның маңызды бағыттарының бірі - тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді қысқарту, - деп атап өтті өз сөзінде БҚДА стратегиялық талдау департаменті директоры Арсен Ысқақов. - Бұл жұмыс кедергілер жөнінде құрылған Кеңестер шеңберінде жүргізіліп жатыр. Бүгін біз 150-ден астам сұрақ жинадық, олардың көпшілігі бұрын көлеңкеде қалған болатын. Сондай-ақ, бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын бөлу бағытында жұмыс істейміз.
Жаңа жобалық кеңес аясында БҚДА қызметінің негізгі бағыты қалыптасты: - ОЭК және АӨК; көлік, байланыс, қаржы нарықтары және өзге салалардағы бәсекелестікті дамыту; бәсекелестікті қорғау және жеке монополиялар. Ол үшін 30 негізгі нарық бойынша 22 жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеуде. Қоғамдық кеңеске қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, Николай Радостовец электр энергиясы нарығындағы бәсекелестіктің жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл мәселе ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп жеке жұмыс тобында пысықталуда және келесі жылы электр энергиясын тауар биржаларына сатуға шығару жоспарлануда.
Сонымен бірге, қатысушыларды Агенттік қызметінің даму стратегиясы мен KPI қызықтырды. Осы тұрғыдан алғанда, Агенттік қызметінің моделін түсіну үшін, Рустам Жүрсінов БҚДА-ға ЭЫДҰ-ға кіретін елдердің KPI бенчмаркингін жүргізуді ұсынды. Бұдан басқа, бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасын әзірлеу кезінде ескерілуі қажет ел экономикасының қазіргі проблемалары талқыланды. Бұл бірінші отырыс екенін ескере отырып, қатысушылар Төралқа мүшелерін сайлап, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын сөз етті. Отырыс соңында Серік Жұманғарин барлық қатысушыларға маңызды мәселелер мен ұсыныстар үшін алғыс айтып, осындай белсенді форматта ортақ іс – Қазақстанда бәсекелестікті қорғау және дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.